CaspianLife, 9 маусым — Атырауда Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, режиссер Чапай Зұлхаш атындағы республикалық режиссерлар мен сценографтардың І фестиваль-форумы басталды, деп хабарлады CaspianLife.
Оған әр өңірден келген 6 театр ұжымы қатысуда. Олар 4 күн бойы Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының сахнасында қойылым қояды.
Біз «Алатау» дәстүрлі өнер театры Алматыда ашылғанына 5-ақ жыл болған. Мынау біздің шынын айтқанда екінші үлкен фестивалімыз. Біз бұл жерге Аман-Шолпан музыкалық комедия спектаклін алып келдік. Дайындық мерекеге дайындық қалай болушы еді сондай дайындықтамыз. Көңіл-куй жақсы — деді «Алатау» дәстүрлі өнер театрының көркемдік жетекшісі Жұлдызбек Жұманбай
Ұйымдастырушылар театр ұжымдарының арасында мәдени байланыс қалыптастыруға, әрі тәжірибе алмасуға үлкен мүмкіндік бар екенін айтады. Сондай-ақ қойылымдар арасында режиссура, сценография бойынша жас мамандар үшін шеберлік сағаттары өткізілмек.
Фестивал форумның мақсаты жас режиссерлар мен сценогрофтарды айқындай солардың арасындағы деңгейін байқау мақсатында ұйымдастырылып жатыр. Алты театрдың өнерін бағалайтын қазылар құрамы бекітілді. Қазылар алқасының төрағасы М.Әуезов атындағы қазақ ұлттық мемлекеттік драма театрының басшысы Еркін Жуасбек мырза. Одан өзге осы саланың майталмандары осы құрамда болады — деді Махамбет атындағы академиялық қазақ драма театрының басшысы Сағынтай Көпжасаров
Фестиваль-форумның тағы бір ерекшелігі мұнда театр ұжымдарының ешқайсына орын, жүлде берілмейді. Бірақ әртістер «үздік режииссер», «үздік сценограф», «үздік ер адам рөлі» және өзге де номинациялар бойынша марапатталады.
Фото: AtyrauPress