CaspianLife, 17 мамыр — Ардагерлер арасында үстел теннисінен облыстық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Спорттық сайысты облыстық ардагерлер кеңесі мен дене шынықтыру және спорт басқармасы бірлесіп ұйымдастырды. Турнирге қаладан және Құрманғазы, Қызылқоға, Махамбет, Мақат, Жылыой аудандарынан 50 ардагер қатысты. Сайыс респуликалық чемпионатқа іріктеу аясында өткізілді.
«Ең үлкен кісі 77-дегі ағамыз бар. Мұның бәрі қимыл — қозғалыс. Үстел теннисінің денсаулыққа пайдасы зор. Бір жағынан уақытты тиімді өткізу мен салауатты өмір салтын ұстану. Алдағы республикалық чемпионатқа дайындаймыз, жақсы көрсеткіштерді» — деді «Ардагерлер» қоғамдық қорының жетекшісі Сәрсенбай Мыңбаев.
Турнир қорытындысында жас ерекшеліктері бойынша 6 адам республикалық чемпионатқа жолдама алды. Ауқымды іс-шара 22-25 маусым аралығында Астана қаласында өтеді.
Фото: Inbussiness.kz