CaspianLife, 23 мамыр — Атырауда «Алмагүл» ықшам ауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен 1994 жылы туған азамат құлап кетті деп хабарлайды caspianlife.kz.
Өкінішке қарай, әйел адам қайтыс болды. Оқиға 23 мамыр 11:30 шамасында болған. Қазір марқұмның қай жерден құлағанын анықтау жұмыстары жүріп жатыр. Әзірге оның суицид жасағаны немесе құлап кеткені белгісіз. Атырау облыстық ПД хабарлауынша, қайтыс болған әйел жүйке ауруларымен есепте тұрған.
Фото әлеуметтік желіден