CaspianLife, 17 мамыр — Атыраулық полицейлер 80 -ге жуық мектепке барып, оқушыларға жол ережелерін түсіндірді, деп хабралайды CaspianLife.
Бұл жұмыс республикалық «Абайлаңыз, балалар!» акциясы аясында ұйымдастырылып отыр. Тәртіп сақшылары құр сөзбен шектелмей, сабақ аяқталған уақытта кішкентайларды жаяу жүргіншілер жолынан бағдаршамға қарап өту керектігін ескертті. Айта кетейік, былтыр балалардың қатысуымен 19 жол-көлік оқиғасы болған. Одан 2 жасөспірім қаза тауып, 19-ы дене жарақатын алды. Ал биыл тек төрт айдың өзінде мұндай 20 жол апаты тіркеліп, салдарынан 3 жасөспірім көз жұмды.
«Бұл іс-шараның басты мақсаты, кәмелекетке толмаған жасөспірімдердің кінәсімен немесе қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларын алдын алу. Осы мақсатта қала мектептерінде ювеналды полиция қызметкерлерімен және де жол патрульдік инспекторларымен бірлесіп барлық мектептердің бәріне түсіндірме жұмыстары жүргізіліп жатыр» — деді Атырау қаласының полиция басқармасы кәмелетке толмағандары істер жөніндегі қызметінің бастығы Эльвира Иманғазиева.