CaspianLife, 16 мамыр — Маңғыстау облысындағы Торыш шатқалындағы шарлар алқабынан тас алып кетпек болғандар жазаланған жоқ, деп хабарлайды CaspianLife.
Өткен демалыс күндері бірнеше адам арнайы техниканың көмегімен туристік нысаннан шар тәріздес тастарды алып кетпек болған еді. Әлеуметтік желіде тараған мына бейнекадрлар көптің ашуын туғызды. Полицейлер көлік жүргізушісін ұстап, оған ескерту берумен шектелді. Өйткені мұндай іс-әрекет үшін айыппұл салу заңда қарастырылмаған. Дей тұрғанмен, дәл осындай тастарды Ақтаудағы мейрамхана мен ірі-ірі деген қонақ үйлердің алдынан жиі кездестіруге болады.
«Әлеуметтік желідегі жарияланымдарға мониторинг жасау кезінде Шарлар жазықтығынан тастарды тиеп жатқан видеоны көрдік. Тәртіп сақшылары жүргізушінің жеке басын анықтап, онымен түсіндіру жұмыстарын жүргізді» — деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева.
Фото: Azattyq-ruhy.kz