CaspianLife, 15 мамыр — ҚР Жоғары сотының шешімімен АМӨЗ меншігіне «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркінің» 50 пайыздық үлесі қайтарылды, деп хабарлайды CaspianLife.
Бұл еліміздің бас прокуратурасында өткен ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысында белгілі болды. Сондай-ақ, отырыс кезінде мемлекетке 760 млрд теңгеге тең активтер, оның ішінде шетелдік юрисдикциялардан 575 млн доллардың қайтарылғаны айтылды. Ресми басылымдардың кейбірі «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» акциясының тең жартысы қазақстандық олигарх, тұңғыш президенттің күйеу баласы Тимур Құлыбаевқа тиесілі болғанын жазуда.
Жалпы Жоғары сот бұрын олигополия субьектілерінің пайдасына негізсіз шығарылған шешімдерге қатысты бас прокурордың 24 наразылығын қанағаттандырды.
Фото: Атырау газеті