CaspianLife, 12 мамыр — Атырау облысында Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері мен полицейлер 300 келіге жуық балық тәркіледі, деп хабарлайды Caspian Life.
Мамандар «Бекіре-2023» акциясы аясында Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің жағалауында рейд жүргізген. Олар Исатай ауданы, Жанбай ауылында «Ямаха-70» аспалы қозғалтқышы бар «Будара» шағын көлемді жүзу құралымен Жанбай ауылының 4 тұрғынын ұстады. Тексеру нәтижесінде жалпы салмағы 278 кг сазан балығы және 5 дана синтетикалық моножіптен жасалған ау құралдары анықталды.
Аталаған дерек бойынша ҚР ҚК 335-бабының 1-бөлігінің белгілері құқық қорғау органдары сотқа дейінгі тергеу жүргізуде.
Балық ресурстарына келтірілген залал алдын ала есеп бойынша 3 740 490 теңге.