CaspianLife, 4 мамыр – «Тілшілер мен белсенділер Жайық өзенінің оң жағалауында салынып жатқан кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы мен «Квадрат» булану алаңын қалыпқа келтіру жұмыстарын көріп қайтты», — деп хабарлайды сaspianlife.kz Пресс-турды қала әкімдігі ұйымдастарды. Кәріз суын тазарту кешенінің құрылысы 2021 жылы басталған. Бірақ құрылыс материалдарының 30-40 пайызға қымбаттауына байланысты жобаға түзету енгізілуде. Соған қарамастан шаһар басшылығы жұмысты тоқтатпауды жөн көріпті. Қазір мұнда жерді тегістеу, бетон төсеу сынды жұмыс жасалып жатыр. Ал «Квадрат» сарқынды судың булану алаңында қазір қалыпқа келтіру, тазарту жұмыстары жасалуда. Бұл жерге лас су 50 жылдан астам уақыт бойы төгілген.Кәріз суын тазарту кешенінің құрылысына шамамен 18 миллирд, ал квадрат булану алаңын қалпына келтіруге 7 миллиард теңгедей бөлінген. Қалалық әкімдіктегілер болса, екі жобаның құрылысы 2025 жылға дейін аяқталады деп сендіріп отыр.