ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Атырау облысы әкімінің орынбасары Қайрат Нұрлыбаевқа қатаң сөгіс беру керектігін айтты.
Ол бұл тапсырманы орындауды аймақ басшысы Махамбет Досмұхамбетовке жүктеді. Әкім орынбасарының сынға ілінуінің бірден-бір себебі, облыстағы тамақ бағасының қымбаттауы. Өйткені, Қайрат Нұрлыбаев осы салаға жауапты.
Жалпы, елімізде биыл тамақ бағасы 3,2 процентке артқан . 6 сәуірдегі жағдай бойынша, басқа өңірлермен салыстырғанда Атырау мен Жамбыл облыстарында азық-түлік бағасы айтарлықтай көтерілген. Ал ШҚО мен Ақмола облысында катты өсім байқалмайды. Бұл жағдайға байланысты Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов та пікір білдірді. Оның сөзінше, жергілікті әкімдіктер тиісті іс-шараларды жасай алмай отыр.