Атыраулық полицейлер жалпы құны 50 миллион теңге болатын есірткіні тәркіледі.
24 жастағы Жамбыл облысының тумасы 3 мыңнан астам синтетикалық көкнәрдің дозасын жалдамалы пәтерде сақтаған. Егер оның кінәсі дәлелденсе, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айырлуы мүмкін. Жалпы биыл жыл басынан бері атыраулық полицейлер заңсыз айналымнан 1 келіден астам синтетикалық есірткіні тәркілеген.
Гүлназира МҰХТАРОВА, Атырау облыстық ПД ресми өкілі
Аталған дерек бойынша қылмыстық кодекстің 296-бабы 4-бөлігі, яғни аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену,сақтау, тасымалдау бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру жүргізілуде. Ұсталған азамат қазіргі кезде Атырау қаласы полиция басқармасының уақытша оқушалау орнына қамауға алынды.