Атырау қаласы ауа ластануы бойынша төрттікте тұр. Energyprom.kz сайтының мәліметіне сүйенсек, біздің алдымызда Алматы, Ақтөбе және Рудный калалары тұр. жергілікті экологтар Облыстың мұндай рейтингке енуінің бірден бір себебін мұнай өндіретін және өңдейтін кәсіпорындардың көптігімен түсіндіреді. Өзге қалалар да өнеркәсіп пен адами факторлардан зардап шегіп отыр. Экология департаментіндегілердің айтуынша, былтыр қоршаған ортаға кәсіпорындардан 150 мың тонна қалдық шығарылған.
Сырым ТІЛЕГЕНОВ, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары
Бізде 1 санатқа жататын кәсіпорын 150-ге жуық. Соның ішінде тең жартысы облыстағы мұнай өндіріп, мұнай өңдеумен, тасымалдаумен айналысады. Сол себептен аталған кәсіпорындардың атмосфералық ауаға зиянды газ бөлуге айтарлықтай зиян келтіруде. Өткен жыл бойынша мемлекеттік экологиялық бақылау бөлімімен 83 кәсіпорынға бақылау жүргізілді. Нәтижесі бойынша, 96 млн теңге көлемінде 73 әкімшілік айыппұл салынды.