Тұрғын үй алу үшін мемлекеттік бағдарламаларға екі рет қатысуға енді жол берілмейді. Бұл туралы «Азаттық Рухы» сайты хабарлайды.
«Кезектілік мәселесін шешу үшін мемлекет басшысы бұған дейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ негізінде толыққанды даму және қолдау институтын – жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрғандарды бере отырып, «Отбасы банк» құруды тапсырды», — деп еске салды Бейбіт Атамқұлов.
Министрдің айтуынша, «Отбасы банкі» базасында «тұрғын үймен қамтамасыз ету орталығы» құрылады. Ол тұрғын үйге мұқтаждардың барлығын есепке алуды, сондай-ақ тұрғын үйге қолжетімділік сатысына сәйкес тұрғын үйді қою күні бойынша бөлуді орталықтандырылған түрде жүзеге асырады.