CaspianLife, 24 сәуір – Ақтөбеде екі әйел көпқабатты үйден құлап кетті. Оқиға қаладағы «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінде болған деп хабарлайды сaspianlife.kz. Ulysmedia.kz. сайтына сілтеме жасап.
Полицияның хабарлауынша, 24 сәуір сағат 01:48 шамасында жедел басқару орталығының 102 пультіне «Ақтөбе Ажары» 112 тұрғын үй кешенінің жоғарғы қабатынан адам құлағаны туралы хабарлама келіп түскен.Оқиға орнына келген патрульдік полиция қызметкерлері үйге кірер есіктің алдында екі әйелдің денесін тапты. Полицейлер мәйіттердің жеке басын анықтады. Әйелдің бірі 31, екіншісі 56 жаста екені бегілі болды. ҚР ҚК 105-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.