CaspianLife, 19 наурыз — Бүгін Астанада ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы талқыланған жиын өтті. Оған Сенат және мәжіліс спикерлері, президетке бағынышты меморгандардың басшылары, үкімет мүшелері, облыс, аудан әкімдері, Парламенттегі фракция-комит жетекшілері, облыстық, аудандық мәслихат төрағалары қатысты, деп хабарлайды CaspianLife.
Премьер-министр Әлихан Смайылов басты-басты деген көрсеткіштерді тізіп, жоспарлары туралы баяндады. Мұнай-газ секторындағы, әсіресе еліміздің батысында қолға алынған және енді жүзеге асатын жобалар туралы да айтты.
«Мұнай-газ саласы бойынша Теңіз кенішінде биыл сағааралық қысымды басқару жобасы, ал 2024 жылы Болашақ кеңейту жобасы аяқталады. Қарашығанақта бесінші компрессордың құрылысы басталды. Ол кен орнында мұнай өндіру көлемін жылына 10-11 миллион тонна деңгейінде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қарашығанақ акционерлерімен бірлесіп, қуаты жылына 4 млрд текше метр болатын тауарлық газды дайындау жобасы пысықталуда. Қашаған кен орнында жалпы қуаты 1 миллиард текше метрден асатын газ өңдеу зауытының құрылысы жалғасуда. Сонымен қатар Қашаған кен орнын игеру шеңберінде қуаты 4 миллиард текше метр газ өңдеу зауытын салу жобасы пысықталуда. Ағымдағы жылдың ақпанында Лукойл компаниясы 6 миллиард долларға келісім-шартқа қол қойылды» — деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смаилов.
Премьер-министрдің сөзіне қарағанда алдағы уақытта Қазақстан мұнайын экспортқа шығаратын балама бағыттардың қуаттылығын күшейтуге мән берілмек. Тағы бір маңызды нәрсе — сұйытылған газ өндірісін және оны қайта өңдеу көлемін ұлғайту туралы да сөз болды. Болашақта елдегі мұнай құбырлары мен зауыттарға модернизация жасалады.
«Қазақстан мұнайы алғаш рет транскаспий бағыты бойынша жеткізіле бастады. Осы жылы Ақтау портынан Баку-Тбилиси –Джейхан құбырына бір жарым миллион тоннаға дейін мұнай тасымалдау жоспарлануда. Ішкі нарықтағы жанар-жағар май тапшылығын жою үшін ШМӨЗ өндірістік қуаты жылына 6 милиилн тоннадағ 12 миллион тоннаға дейін ұлғайтылатын болады.Зауытты шикізатпен қамтамасыз ету үшін Атырау-Кеңқияқ, Кеңқияқ-Құмкөл мұнай құбырлары кеңейтіледі. Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаты 900 млн текше метрдік жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады. Мұнай-газ химиясында қуаттылығы жылына 319 мың тонна бутадиен және басқа да ілеспелі тауарларды өндіруге мүмкіндік беретін жаңа жоба іске асырылуда. Қазіргі таңда қуаттылығы жылына 1,2 млн тонна болатын полиэтилен жобасы бойынша жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жалпы инвестиция көлемі 8,7 миллиард долларды құрайды» — деді ҚР Премьер-министрі Әлихан Смаилов.
Жиын кезінде үкімет басшысы ел экономикасының өсімін берісі 4, арысы 5-6 пайызға ұлғайтуды қамтамасыз ету міндеті туралы да сөз етті. Яғни жергілікті өндіріс орындарын дамыту, қымбатшылықпен күреске көңіл бөліну қажет. Бұл жұмыстардың барлығы жергілікті атқарушы органмен тығыз қарым-қатынаста жасалуы тиіс деді премьер-министр.