CaspianLife, 12 сәуір — Облыстық халық шығармашылығы орталығында Қаршыға Ахмедияровты еске алуға арналған «Күй – ұран» атты кеш өтті, деп хабарлайды Caspian Life.
Рухани іс-шараны «Дина Нұрпейісова атындағы халықтық музыка Академиясы» Атырау музыка колледжі ұйымдастырды. Кеште композитордың әртүрлі жанрдағы 22 шығармасы орындалды.
Қаршыға Ахмедиярұлы күйшілігінен бөлек, дирижер, өнертану профессоры әрі композитор. ҚР халық әртісі, мемлекеттік және Махамбет атындағы сыйлықтың, «Парасат» орденінің иегері, Атырау облысының «Құрметті азаматы». Оның 500-ден аса күйі радио, теледидар мұрағаттарында сақтаулы.
Қаршыға Ахмедьяров 1946 жылы Махамбет ауданы, Таңдай ауылында дүниеге келген.1972 жылы Алматы мемлекеттік консерваториясын тәмамдайды. Кейін Құрманғазы атындағы қазақ академиялық халық аспаптар оркестрінде домбырашы, концертмейстер, жеке домбырашы және дирижер болып еңбек етті. Өнерсүйер қауым оны «Күй қаршығасы», «Саңлақ күйші», «Күй аспанының Қаршығасы», «Ғасырдың күйшісі» деген атақ берді. Композитор 2010 жылы 64 жасында қайтыс болды.