CaspianLife, 6 сәуір —Облыс орталығында «балалардың жолдағы қауіпсіздігі» акциясы өтіп жатыр, — деп хабарлайды caspianlife.kz.
Биыл үш ай ішінде қалада балалардың қатысуымен 7 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 1 кішкентай қайтыс болды. 6 бала дене жарақатын алған. Ал былтыр 12 айда осындай 40 факт тіркеліп, 42 баланың денсаулығына зақым келген. Мұндай мәліметті қалалық полиция басқармасындағылар айтты. Олардың сөзінше, балалар көбіне құлаққаппен жүріп, жан-жағына қарамай, жолға шығып кетеді. Көлік жүргізушілерінің тарапынан да қателік жиі кетеді екен. Балалардың қауіпсіздігін күшейтіп, оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында қала аумағында “Балалардың жолдағы қауіпсіздігі” атты акция ұйымдастырылды. 27 наурызда басталған іс-шара 13 сәуірге дейін өткізіледі.