CaspianLife, 5 сәуір — Қазақстан «Қашаған» және «Қарашығанақ» кен орнын тендер өткізу тәртібін бұзды деп айыптады , — деп хабарлайды caspianlife.kz
Қазақстан билігі «Қашаған» мұнай кен орнын игеріп отырған ірі кәсіпорыннан 2,3 триллион теңге айыппұл төлеуді талап етіп, сотқа арыз түсірді. Bloomberg агенттігі таратқан бұл ақпаратты Қазақстан экология және табиғи ресурстар министрлігі растады. Ел үкіметі NCOC компаниясының қоршаған ортаны қорғау ережесін бұзғанын және екі компания да қоймада күкіртті рұқсат етілген мөлшерден екі есе көп сақтағанын айтады.