CaspianLife, 3 сәуір — Бүгін «KPI» зауытындағы жұмыс жартылай тоқтады,- деп хабарлайды caspianlife.kz.
Өндірісті тоқтатуға электр энергиясының өшуі себеп. Газ-химия кешеніндегілердің сөзінше, KEGOC АҚ-на тиесілі желілерде қысқаша тұйықталу болып, зауытты жарықпен қамтамасыз етіп отырған газтурбиналық электр станциясы апатты жағдайда тоқтапты. Нәтижесінде KPI ЖШС-де технологиялық ақау болып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін пропанды дегидрлеу қондырғысындағы шығарынды факелге жіберілген.