CaspianLife, 30 наурыз – Қазақстан NCOC компаниясына 5 миллиард доллардан астам айыппұл салды. Бұл туралы еліміздің экология және табиғи ресурстар министрлігіне сілтеме жасаған Блумберг ақпараттық агенттігі хабарлады деп жазады сaspianlife.kz .
Агенттіктің ақпаратында Қазақстан үкіметінің мұнай алпауытын «нысанда өте көп мөлшерде күкірт сақтады» деп айыптағаны айтылады. Нәтижесінде Қазақстан NCOC-ға 2 триллион 300 млрд теңге немесе 5 миллард 100 миллион АҚШ доллары көлемінде айыппұл салды. Компанияға жақын дереккөзге сүйенген Энерджи монитор телеграм каналы болса, мұндай ірі көлемдегі айыппұлдың салынуын – Қазақстанның NCOC-ды дұрыстап бақылауға алудың жолын іздестіріп жатқандығымен түсіндіреді. Caspian News телеарнасы осы жағдайды түсіндіруді сұрап NCOC компаниясына ресми сұраныс жіберді.
Фото Zakon.kz сайтынан