CaspianLife, 29 наурыз — «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасы аясында пәтерлі болу үшін 860-қа жуық адам арыз берген деп хабарлайды сaspianlife.kz.
Қазір 830-ның өтініші қаралып жатыр. Қалған 30 адам талапқа сәйкес келмепті. Алдағы уақытта азаматтар ұпай санына қарай іріктеліп, тек 55-і баспаналы болмақ. Олардың тізімі Атырау қаласы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланады. «Атырау жастары» тұрғын үй бағдарламасының операторы — «Отбасы банк» АҚ. Банк 1-20 ақпан аралығында жастардан құжаттар қабылдады. Бұл жобаны жүзеге асыру үшін қалалық әкімдік 1 млрд теңге қаражат бөлген. Олар аталған бағдарлама шеңберінде алдағы уақытта тағы да құжаттардың қабылданатынын айтты.