CaspianLife, 28 наурыз — Атырау облысы әкімдігінің жанынан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі комиссия құрылады деп хабарлайды сaspianlife.kz облыстық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Комиссия мақсаты — өңірдегі табиғат қорғауға қатысты іс-шаралардың орындалуын тыңдау, қоршаған ортаны қорғау жөнінде ұсыныстар дайындау, жергілікті атқарушы және орталық мемлекеттік органдарға ұсыныстар енгізу.
Комиссия құрамына жауапты мемлекеттік органдардың өкілдері, ғалымдар, депутаттар, қоғамдық бірлестіктер мен азаматтық қоғам белсенділері кіреді. Қазіргі уақытта комиссияның құрамы бекітілген жоқ.