CaspianLife, 28 наурыз — Атырауда көпқабатты үйлерді басқарудың жаңа жүйесі 1 шілдеде толықтай іске қосылады сaspianlife.kz.
Атап айтсақ, енді пәтер иелері кооперативтерінің жұмысы тоқтап, орнына мүлік иелері бірлестігі құрылуы тиіс. Қазіргі таңда қаладағы көпқабатты үйлердің 1400-ге жуығы басқарудың жаңа түріне ауысып үлгерген.
Жаңадан енгізілген өзгерістерге сәйкес 30 пәтерден асатын көпқабатты тұрғын үйлерге толығымен МИБ құру қажет. Қазіргі таңда облыс әкімдігі тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, ауыстыру жұмыстары атқарылуда. 00:40 Оның ішінде бөліп айтсақ 1357-сі жай серіктестіктер, қалғаны 35-і мүлік иелері бірлестігі. Қазіргі таңда қала және аудан әкімшіліктерімен бірлесіп жұмыс істеліп жатыр,-деді облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының бас маманы Нұрғиса Шахметов.
Заң бойынша, МИБ-ті сол үйдің тұрғыны ғана аша алады. Белсенді тұрғын өзін заңды тұлға ретінде тіркейді және 2 деңгейдегі банкте есепшоты болуы тиіс.Әкімдік өкілінің айтуынша, пәтер иелері кооперативінің жұмысы тұрғындардың көңілінен шықса, онымен әрі қарай жұмыс істей беруге болады. Ол үшін ПИК иесі жеке кәсіпкер ретінде тіркелуі қажет. МИБ-тің бұрынғы басқару жүйесінен айырмашылығы тұрғындар үйдің тазалығы үшін өздері жауапты болады және жаңа жүйе «бір үй – бір есепшот» қағидасына бағынады. Яғни, пәтер иелерінен жиналған қаражат сол үйдің керек-жарағына жұмсалады.