CaspianLife, 20 наурыз — Орталық сайлау комиссиясы 2023 жылғы 19 наурызда өткен ҚР Парламент Мәжілісі депутаттарының сайлауында дауыс берудің алдын ала нәтижелерін ұсынды, деп хабарлайды CaspianLife.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, Мәжіліс сайлауына қатысқан 7 партия келесідей дауыс жинады:
Amanat партиясы — 53,90 пайыз, (3 431 510 дауыс);
«Ауыл» партиясы — 10,9 пайыз, (693 938 дауыс);
«Ақ жол» партиясы — 8,41 пайыз, (535 139 дауыс);
Қазақстан халық партиясы — 6,8 пайыз, (432 920 дауыс);
Respulica партиясы — 8,59 пайыз, (547 154 дауыс);
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы — 5,2 пайыз, (331 058 дауыс);
«Байтақ» жасыл партиясы — 2,3 пайыз, (146 4431 дауыс);
«Бәріне қарсымын» — 3,9 пайыз (248 291 дауыс).
Еске салайық, 19 наурыз Қазақстанда Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өткен болатын. Мәжіліc сайлауына 7 саяси партия қатысты.