CaspianLife, 19 наурыз — Орталық сайлау комиссиясының соңғы дерегі бойынша, Атыраудағы сайлаушылардың белсенділігі аса өзгере қоймады. Екі сағат бұрынғы ақпаратпен салыстырғанда сайлау учаскелеріне барған тұрғындар саны тек 1%-ға артыпты, деп хабарлайды CaspianLife.
Яғни, еліміз бойынша соңғы орында. Сайлаушылардың 65,70 пайызы дауыс берген Қызылорда алдыңғы қатарда болса, одан кейін Қостанай мен Жамбыл облыстары орналасқан. Ал Алматы қаласында таңдау жасағандар көрсеткіші 22,95 пайызға жетіпті. Жалпы еліміз бойынша халықтың белсенділігі бәсеңдеген болса керек, осы уақытқа дейін сайлаушылардың 53,11 пайызы дауыс берген. Екі сағат бұрын бұл көрсеткіш 51,98 пайыз болған еді.