CaspianLife, 3 наурыз — Кеше кешкілік «Алмагүл» ықшам ауданындағы 22-ші үйде болған қайғылы жағдайға байланысты полицейлер қылмыстық іс қозғады, деп хабарлайды CaspianLife.
Әзірге дерек бойынша. Тәртіп сақшыларының мәліметінше дәліздегі балконнан құлаған жасөспірім 16 жаста. Өз-өзіне қол жұмсады ма әлде абайсызда құлап кетті ме, ол жағы белгісіз. Осы үй тұрғындарының айтуынша, балкондар өте аласа. Әсіресе балалар үшін қауіп. Сондықтан алдағы уақытта оқыс оқиға тағы қайталанбас үшін балкондар жабылуы керек, — дейді олар.
«Мына адамдар кіретін балкондар түгел ашық тұрады. Балалар үшін өте қауіпті, түгел жабуымыз керек. Балалардың сақтығы үшін. Балалар шығады да еңкейеді, төмен қарайды, бір-бірімен ойнадйы. Сөйтіп жүргенде перевес болып балалар ауып кетуі мүмкін. Иә мына кіндіктің бойынан уже көрініп тұрады, үлкен кісілерге» — деді Атырау қаласының тұрғыны Өтепберген Жамбылов.
«Кеше байқағаным 5 этажда тұрды полиция қызметкерлері. Осы жерде сразу жайып тастады қан кетпеу үшін, көрпе жауып тастады. 02:35 мен сол темір тор салып қодйым 5 қатарға, өйткені көрініп тұр ғой өте төмен екені, аласа салған екені. Пожарный кіру арқылы дейді, бірақ пожарный өзі кіретін труба жүргізілген ғой арнайы өрт сөндіретін. Ыңғайсыз жасалған» — деді Атырау қаласының тұрғыны Нұрлыбек Сырым.