CaspianLife, 6 ақпан — Атырауда дзюдодан халықаралық турнир өтті, деп хабарлайды CaspianLife.
Оған еліміздің түкпір-түкпірінен 8-12 жас аралығындағы 800 ұл-қыз қатысып, 30 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Дағыстан, Қалмақ республикасынан келгендер де болды.
«Мен 12 жастамын. Спорттың осы түрі ұнайды. Болашақта олимпиада чемпионы болғым келеді» — деді спортшы Мұсағажы Исрапилов.
«Қатысып келе жатқаныма 2017-ден бері 5 жыл болды. Мен осы жарысқа 2 ай дайындалдым. Осының арқасында 1 орын алдым. Осы спорт түрінен болашақта тренер болғым келеді» — деді спортшы Гүлфия Молдағали.
Ұйымдастырушылардың айтуынша жарысты өткізгендегі мақсат – балалар мен жасөспірімдер арасында дзюдо спортын насихаттап, болашақта олимпиада чемпиондарын шығаруға ықпал ету көрінеді.
«Қазіргі таңда бізге Ресей, Дағыстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Маңғыстау облысынан спортшылар қатысып отры, өзіміздің Атыраудан. Барлығы қазір 800-ге жуық спортшы қатысып отыр. Жарымыз жалпы алдағы уақытта біздің мақсатымыз, Атырау облысында спортшыларды жоғары деңгейге жеткізу. Әлем, Олимпиада чемпиондары шықса деген армандарымыз бар» — деді жаттықтырушы Нұрболат Ыстыбаев.
4-5 ақпан күндері өткен жарыста индерліктер өте жақсы нәтиже көрсетіп, 4 бірдей спортшы чемпион атанды. Сайыста жеңіске жеткендердің барлығы медаль мен дипломға және кубокқа ие болды.