CaspianLife, 3 ақпан — Германияның Реклингхаузен қаласында жүк пойызы 2 баланы қағып, жүздеген метр жерге дейін сүйреп кеткен, деп хабарлайды CaspianLife.
Салдарынан 1 бала көз жұмды. Тағы біреуі ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Жас шамасы белгісіз. Тергеу жұмстары басталды.
«Бұл жағдай неге және қалай болды деген сұраққа қазір нақты ешкім жауап бере алмайды әрі бұл ештеңені шешпейді. Ата-аналарға осы қайғыны көтере алатындай күш-қуат берсін деп тілеймін. Ауруханада жатқан баланың амандығын тілеуден басқа амалымыз жоқ» — деді Солтүстік Рейн-Вестфалия аймағының Ішкі істер министрі Герберт Реул.