CaspianLife, 3 ақпан — Ливан астанасы Бейрутта суда жүзіп жүретін әлемдегі ең үлкен кітап жәрмеңкесі өтіп жатыр. Әзірге оның қорында әртүрлі жанрдағы 5 мың кітап бар, деп хабарлайды CaspianLife.
2009 жылы неміс белсенділері жасақтаған бұл кеме 150 елдің 480-нен астам теңіз айлағында болған. Содан бері 49 миллион библиография түзіліпті. Игілікті іске 70 ұлттан 350 ерікті атсалысқан. Жобаның мақсаты — жылдар бойы азаматтық соғыстан, саяси қақтығыс пен экономикалық дағдарыстан көз ашпаған Ливан сияқты елдердің тұрғындарына бейбітшілікті насихаттау.