CaspianLife, 18 қаңтар — Ащы судың буымен адам өлтірді. «Теңіз» кенішінде ішімдік ішкен екі қызметкер жанжалдасып, соңы өліммен аяқталды, деп хабарлайды CaspianLife.
Полицейлердің дерегінше, 50 жастағы механик әріптесіне пышақ сұққан. Қайтыс болған 41 жастағы азаматтың техникалық қауіпсіздік қызметкері екендігі және екеуінің де «Бонатти» компаниясында жұмыс істегендіктері белгілі болды.
«Жылыой ауданы Теңіз қалашығында болған адам өліміне қатысты қазіргі таңда күдікті анықталып, ұсталып, қамауға алынды. Аталған факт бойынша ҚК 99-бабы бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қажетті сот-медициналық экспертиза тағайындалды» — деді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулет.