CaspianLife, 5 қаңтар — Былтыр некені тіркеуді күту уақыты он бес күнге дейін қысқарған соң Атырауда 1384 жұп ерлі-зайыпты атанған, деп хабарлайды Caspian Life.
Ал, бұрын жастар тиісті куәлікті қолдарына алғанша бір ай өтетін. Әділет министрлігі мұндай өзгерісті енгізу арқылы некені тіркеу процесін жеңілдетуді, жұбайларға тиімді қылуды көздепті.
Дегенмен, жүктілік болса, дүниеге бала келсе, тараптардың бірінің өміріне тікелей қауіп төнсе және басқа да жағдайлар болып жатса, тіркеуші орган бастығының шешімімен неке 15 күнге дейін қиылуы мүмкін. Бірақ мұның барлығы құжат жүзінде расталуы тиіс.