CaspianLife, 15 желтоқсан — Атырауда Smart ana әйелдерді дамыту орталығы іске қосылды, деп хабарлайды Caspian Life.
Мұнда қыз-келіншектердің бірнеше мамандық игеріп, өз-өзімен жұмыс жасауына, жан-жақты болуына мүмкіндік берілмек. Орталықтағы 30 шақты маман келушілерге әр түрлі шеберлік сағатын өткізеді. Оның ішінде сурет салу, арт-терапия, тігін, қолөнер, СММ секілді бағыттар бар. Жоба жетекшісі қалалық жұмыспен қамту орталығы ұйымдастырған байқауда үздік атанып қайтарымсыз грантқа ие болған.
«Смарт ана деген атауды жан-жақты болсын деген ниетпен қойдым. Басты мақсатым — әйелдердің дамуына, жан-жақты болуына үлес қосу және бала тәрбиесіндегі отбасылық құндылықтарды насихаттау», — дейді жоба жетекшісі Динара Ваисова.
Жоба жетекшісі бағдарламаға тек келіншектер емес, 9 жастан асқан қыз балалардың да қатыса алатынын айтады. 1 айлық абоненттің ішінде 4 курс бар. Оны келуші өз қалауынша таңдай алады.