CaspianLife, 28 қараша — «Сарайшық» коммуналдық базары мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлайды Caspian Life.
Облыстық прокуратураның мәлімдеуінше,мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша облыс прокуратурасы активтерді қайтару бойынша жұмыстар жүргізуде.
Соның ішінде құны 1,3 млрд теңге «Сарайшық» коммуналдық базары прокурордың актісі бойынша мемлекеттік меншікке қайтарылды, ол бұған дейін сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға жеке қолға берілген.
Тексеру барысында өзіне қабылданған шарттық міндеттемелерді орындамау, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасын тежеу бойынша бұзушылықтар анықталды.
17.11.2022 жылы Атырау облыстық соты Атырау қаласы әкімдігінің прокурордың ұсынысы негізінде берілген талап-арызы бойынша сенімгерлік басқару шартын бұзу туралы шешім шығарды.
Айта кету керек, бюджет қаражатына салынған базардың маңыздылығы жергілікті фермерлерді қолдау және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын тұрақтандыру болды.