CaspianLife, 23 қараша — Атырауда көпқабатты үйлердің біріндегі жертөлеге рұқсатсыз жөндеу жұмыстарын жүргізген. Бұл туралы Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бейбарыс даңғылында орналасқан көпқабатты үйдің тұрғындары басқармадан жертөледе жүріп жатқан жөндеу жұмыстарының заңдылығын тексеруді сұрапты. Тексеріс нәтижесінде, жөндеу жұмыстарын жүргізген азаматтың рұқсат қағазы жоқ екендігі анықталды.
Нәтижесінде Департамент «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің 316 және 322 баптарының 1 бөлігімен әкімшілік хаттама жасалып, 459 450 теңге әкімшілік айыппұл салды.
Сонымен қатар, нысан иесіне рұқсат құжаттарын және тұрғындардың келісімін алғанға дейін құрылыс жұмыстарын тоқтату туралы шешім шығарылды.