CaspianLife, 20 қараша — Атыраулықтардың 50 пайыздан астамы өз таңдауларын жасады. Мұндай деректі орталық сайлау комиссиясы беріп отыр. Облыста орналасқан 261 сайлау учаскесінің 117-сі Атырау қаласында. Сонымен бірге, 1966 сайлау комиссиясы өз жұмысын атқаруда.
«Жағдай бірқалыпты. Байқаушылардың саны қазіргі уақытта 200-ден астам болды. Сонымен қатар, шетелдік байқаушылар сол 12. Ешқандай шағым қазіргі таңда түсе қойған жоқ. Сайлау жергілікті уақыт бойынша 20:00-ге дейін жалғасады. Сайлаушыларды әлі де сайлау учаскелерінде күтеді»,-дейді Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенжол Жұмағалиев.
Орталық сайлау комиссиясының дерегінше, кезектен тыс президент сайлауында түркістандықтар белсенділік көрсетуде. Олардың 75 пайыздан астамы өз таңдауын жасапты. Ал, алматылықтардың тек 24 пайызы дауыс берген.