CaspianLife, 20 қараша — Бүгін таңғы сағат 07:00 де Атырау облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің (ҚАЖД) жабық мекемесінде (тергеу изоляторында) сайлау учаскесі жұмысын бастады.
«№75 мекеменің жабық сайлау учаскесінде осы жерде орналасқан және заң бойынша таңдау құқығы бар 165 тергелуші өз таңдауын жасап, дауыс бере алады. Ол үшін тергеу изоляторында барлық жағдай жасалған. Акт залында бюллетеньдерге арналған кабиналар мен урналар орнатылды, аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері жұмыс істейді және дауыс беруге ниет білдіргендердің барлығына қолжетімділік қамтамасыз етілген»,-деп хабарлайды ҚАЖД баспасөз қызметі.