CaspianLife, 20 қараша — Атыраулықтар ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауында дауыс беруді бастады. Өңірде жұмыс істеп тұрған сайлау учаскелерінің саны — 261. Оның он бірі жабық бөлімше. Ал дауыс беруге құқылы сайлаушылардың саны 410 мыңға жуықтайды. Олардың 12 956-сы басқа облыстан келіп, тіркелгендер.
Айта кетейік, осы жолғы саяси науқанда азаматтар президенттікке үміткер 6 кандидаттың біреуіне дауыс беру алады. Немесе оларды мемлекет басшысы мандатына лайық көрмесе «барлығына қарсымын» деген құғын пайдалануға мүмкіндігі бар.
Барлық сайлау учаскесінде бірнеше дауыс беру кабинасы жабдықталып, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдай жасалған. Қаладағы Кіші өнер академиясында орналасқан №8 сайлау учаскесі де науқанға сақадай сай.
«Еліміз егемендігін алғаннан бері президент сайлауына қатысып келемін. Бүгін де балаларымның болашағы, еліміздің дамып өркендеуі үшін өз таңдауымды жасадым»,-дейді қала тұрғыны Николай Викторұлы.
Жалпы №8 сайлау учаскесінде 1059 адам тіркелген. Үйден дауыс беруге 12 адам өтініш жазған.
«Заңнамаға сәйкес жұымысызды бастадық. Учаскені 6да келіп аштық. 1 сағат бұрын. Түскі 12ге дейін қабылдаймыз.Егерде үйден дауыс беретін адамдар болса 12 ден кейін біздің 2 қызметкеріміз денсаулығына байланысты өтініш түскен адамдардан өтініш жинайды.
Жалпы бірінші дауыс берген адамдарға және де үлкен адамдарға арнайы сыйлығымыз бар»,-дейді №8 сайлау учаскесінің төрағасы Мәншүк Тасмұратқызы.
Сайлаушылар өздерінің сайлау учаскелері туралы мәліметті әкімдік сайтынан немесе жергілікті атқарушы органның call-орталығына хабарласып біле алады. Сондай-ақ, Телеграмм-дағы SailauAtyrauBot арнасынан көмегіне жүгіне алады. Ол үшін сайлаушы ЖСН немесе төлқұжаттың нөмірін теруі қажет. Еске сала кетейік сайлау учаскелері 20:00ге дейін жұмыс істейді.