CaspianLife, 15 қараша — Атыраулық спортшы әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Қайырберді Айдынбай самбодан әлем чемпионатында 58 келі салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңдерінде Қырғызстан, Жапония және Өзбекстан спортшыларын басып озған жерлесіміз финалда ресейлікке есе жіберді. Қайырберді бұл жарысқа 8 ай дайындалғанын айтады.
Самбошы бұған дейін тамыз айында Израиль елінде өткен жағажай самбодан әлем чемпионатының және маусым айында Ливанда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған еді.
Айта кетейік, Бішкек қаласында 11-13 қараша аралғында самбодан ерлер мен әйелдер арасында әлем чемпионаты өтті. Жарысқа әлемнің 50 елінің спортшылары қатысты.