CaspianLife, 13 қараша — Атырауда автобус пен жеңіл көлік соқтығысып, 2 адам зардап шекті. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.
Оқиға бүгін 15:00 шамасында болған. 53 жастағы автобус жүргізушісі екінші дәрежелі жолмен келе жатып, Ваз 2114 көлігіне соқтығысып, жеңіл көліктегі 2 адам жарақат алды. Зардап шеккендер облыстық аурухунаға жеткізілді.
Ал, қоғамдық көлік екпін салдарынан электр бағанасына соқтығысқан. Полицейлердің дерегінше, автобус жүргізушісі автокөлікке жол бермеген.
Аталған оқиға бойынша қазіргі уақытта тиісті іс құжаттар жинақталуда.