CaspianLife, 2 қараша — «Алмалы 1» мекен-жайындағы апатты деп танылған 2 қабатты тұрғын үйден 8 отбасы Достық көшесіне көшірілді.
«Алмалы 1»-дегі апатты үйлер осыдан 72 жыл бұрын салынған еді. Оның тұрғындарына 2 және 3 бөлмелі пәтердің кілттері табысталды.
Жеке инвесторлар Атырау қаласының тұрғын үйлерін реновациялаудың 2022-2026 жылдарға арналған бағдарламасы аясында аталған жанұяларды көшіруге қаржылай көмектесті.
Айта кетейік, тұрғын үйдің құрылысын жүргізген «Velar» мекемесі.