CaspianLife, 31 қазан — Атырауда 20 жастағы азаматты көлік қағып кетті деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Оқиға 31 қазан күні 08:00-де С.Датов көшесінде болды. 20 жастағы тұрғын белгіленбеген жерде жолдан өтіп бара жатқан кезде Daewoo Leganza көлігі қағып кетті. Соққы салдарынан жарақат алған азамат жедел-жәрдеммен ауруханаға жеткізілді.
Қазіргі уақытта тиісті іс-құжаттар жинақталуда.