CaspianLife, 27 қазан — Атыраулық полицейлер 3 күнде 21 мас жүргізушіні анықтады. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
23-25 қазан күндері аралығында мерекелік демалыс күндері жол сақшылары мас күйде көлік басқарған 21 жүргізушіні анықтап, барлық жүргізушілер ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1 бөлігімен әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Мәселен, 26 қазан күні сағат 02:15 шамасында патрульдік полиция қызметкерлерімен Сәтпаев көшесінің тұсында, Ford Focus маркалы автокөлігі тоқтатылып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің 26 жасар жүргізушісінен ішімдіктің иісі сезілген. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның женіл дәрежедегі мас екендігі анықталды. Аталған азаматтың көлігі арнаулы тұраққа жеткізіліп, оған қатысты әкімшілік хаттама жасақталды. Жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.
Полицейлер бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатынын айтты.