CaspianLife, 27 қазан — Белгіленбеген жерден жолдан өткен 7000-ға жуық атыраулыққа айыппұл салынды. Бұл туралы облыстық ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Жол сақшылары жаяу жүргінші өткелінен емес, белгіленбен жерден жолды кесіп өткен 7000-ға жуық тұрғынды анықтап, олардың барлығына 6063 теңге көлемінде айыппұл салды.
Сондай-ақ, жаяу жүргіншілерге 1000-нан астам жүргізуші анықталып, олардың әрқайсысы 30 630 теңге көлемінде айыппұл арқалады.
«Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол жүру ережелерін қатаң сақтауға, жолдардағы жылдамдықты асырмауға, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға, қашықтықты сақтауға және маневр жасау ережелерін бұзбауға шақырамыз. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолды қатаң түрде белгіленген тәртіпте кесіп өтуі керек екенін еске саламыз», — деді Атырау қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының командирі Даурен Насиполла.