CaspianLife, 22 қазан — Атырауда жайдарманшылар мен кикбосшылар арасында футболдан матч өтті. Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Матчты облыстық спорт басқармасы мен Атырау кикбоксинг федерациясы ұйымдастырды.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысының міндетін атқарушы Нұржауған Төлеуованың құттықтауынан кейін командалар арасында тартысты ойын өтті.
«Футбол өте жоғары деңгейде өтті. Бүгінгі кездесу 2 команданың байланысын нығайтады. Осындай жарыстар алдағы уақытта жалғасын табады деген сенімдемін», — деді Атырау кикбоксинг федерациясының аға- жаттықтырушысы Данияр Юсупов.
Қос команда да тең түсіп, ойын 1:1 есебімен аяқталды. Пенальти сериясында Атырау кикбоксинг командасы 3:5 есебімен басым түсіп, жеңіске жетті.
Айта кетейік шараға қатысушылар, көрермендер мен жанашырлардың тарапынан қайырымдылық қаражат жиналып жерлесіміздің шұғыл еміне берілді.