CaspianLife, 19 қазан — Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 37 шетелдік елден шығарылды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
«Заңсыз келуші -2022» рейдтік шара барысында Атырауда көші-қон заңнамасын бұзған 1045 шетелдік әкімшілік жауапкершілікке тартылса, оның 595-і ҚР Халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.
Одан бөлек шетелдік жұмыс күшін тартқаны үшін 432 тұлғаға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды.