CaspianLife, 18 қазан — Атырауда үш жүк көлігі рельстен шығып кетті деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Оқиға 18 қазан күні сағат 11:15-те Мақат ауданы Доссор стансасында болған. «DOSSOR PROCESSING COMPANY» ЖШС-не тиесілі «Мақат-Доссор» бағытындағы № 0133 жүк пойызының тепловоз басынан тоғыз вагонның үш вагоны рельстен шығып кеткен.
Тоғыз вагонның барлығына да қиыршық тас тиелген. Бұл оқиға пойыздардың қозғалысына әсер етпеді. Зардап шеккендер жоқ.