CaspianLife, 18 қазан — Атыраулық спортшылар Испанияда өткен грэпплингтен әлем біріншілігінді үздіктер қатарынан көрінді. Бұл туралы облыстың Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
Аталмыш дода Испанияның Понтеведра қаласында 12-15 қазан күндері UWW нұсқасы бойынша ерлер, әйелдер және кадеттер мен жасөспірімдер арасында ұйымдастырылды.
Қазақстан құрамасы 14 алтын, 10 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды. Олардың ішінде атыраулықтар 2 алтын мен 1 қолаға қол жеткізді. Атап айтсақ, жастар арасында 58 келі салмақта Қаршыға Абдурахим No Gi (кимоносыз түрі) және Gi (кимоно түрі) бөлімдері бойынша чемпион атанды. Ал, 54 келі салмақта өнер көрсеткен Рахымжан Тұрғанбек No Gi және Gi бөлімдері бойынша үздік үштікті түйіндеді.
Айта кетейік Рахымжан Тұрғанбек — былтырғы Ресей Федерациясының Уфа қаласында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері.
«Бұл жарысқа біз 2 ай көлемінде дайындалдық. Чемпионат өте жоғары деңгейде өтті. Спортшылар үшін өте қуаныштымын», — деді аға жаттықтырушы Асқар Исағалиев.
Әлем чемпионатына 24 елден келген 300-ден аса спортшы қатысты.