CaspianLife, 14 қазан — Атырауда 16 жастағы жасөспірімді көлік қағып кетті деп хабарлайды қалалық ПБ-ның баспасөз қызметі.
Оқиға 14 қазан күні сағат 17:50 шамасында болды. Toyota Camry көлігінің 57 жастағы жүргізушісі Азаттық даңғылы бойында рұқсат етілмеген жолдан өтіп бара жатқан жасөспірімді қағып кетті. Зардап шеккен жасөспірім облыстық балалар ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі таңда аталған оқиғаға байланысты іс-құжаттар жинақталуда.