CaspianLife, 12 қазан — Электронды темекі шеккен атыраулық жасөспірімдердің кім екені анықталды деп хабарлайды облыстық ПД-нің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желіде электронды темекіні таласа шегіп тұрған оқушылардың видеосы тарады. Полицейлер олардың жеке бастарын анықтады. №16 мектеп-лицейінің білім алушыларымен кездесіп, профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Сондай-ақ, олардың ата-аналарына хаттама толтырылып, 45 945 теңге көлемінде айыппұл салынды.