CaspianLife, 12 қазан — Атыраудағы мектеп директорларының біріне «жарылыс жасаймын» деп хабарлаған.
Облыстық ПД-нің баспасөз қызметінің дерегінше, бүгін 08:20 шамасында 102 операторына №2 мектеп директоры сағат 10:00-де мектепте жарылыс жасаймын деген хабарлама алғанын хабарлаған.
Полиция қызметкерлері 800-ге жуық оқушы мен 70 мұғалімді эвакуациялады. Қазіргі уақытта білім ордасына тексеру жұмыстарын жүргізуде.