CaspianLife, 6 қазан — Кешелі бері қаланы жайлаған жағымсыз иістің қамыс өртіне қатысы жоқ дейді құтқарушылар. Олар Кеңөзек ауылынан 10 шақырым қашықтықта қамыстың бықсып жатқандығын, бірақ оның түтінінің облыс орталығына жетуі неғайбыл екендігін айтады.
«ТЖД-нің қызметкерлері Кеңөзек селолық округінде барлау жұмыстарын жүргізді. Жұмыс барысында қамыстың тамырлары яғни жер астынан бықсу шығып жатқанын байқады. Қазіргі таңда енді тек өрт сөндіру техникалары жол жоқтығынан аталған жерге бара алмайды. Сонымен қатар желдің бағыты Каспий теңізіне қарай болғандықтан қалаға төнер қауіп жоқ», — деп мәлімдеді қалалық ТЖБ басшысы Ғабит Бабаев.